19:56, 30 Шілде 2021 | GMT +6
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері автобустар қатынамайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - City Transportation Systems көлік компаниясы демалыс күндеріндегі автобус қозғалысына қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды.
Сенбі және жексенбі, 31 шілде және 1 тамыз күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді.
Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды» деп ескертеді көлік компаниясы.
Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу арқылы.