+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда дабыл іске қосылады

2019 жылғы 11 желтоқсан 13:00
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда дабыл іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 12 желтоқсан күні елордада электродабыл іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«12 желтоқсан сағат 09:55-те телерадио арналарды ұстап қалу және электродабыл қосу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының құлақтандыру жүйелері тексеріледі. Төтенше жағдай орын алған кезде немесе сондай қауіп төнген кезде электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады. Ол «Баршаңыздың назарына!» бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар іс-әрекет туралы нұсқаулар мен ақпарат алу үшін міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидар, радио және басқа) қосуы керек» делінген ТЖД хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындарын сабыр сақтап, үрейленбеуге шақырады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT