Нұр-Сұлтанда Cotton дүкенінен өрт шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда Cotton дүкенінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 08:54-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметіне Мәңгілік ел даңғылы, 19/2 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер жеткен кезде «Cotton» дүкені жанып жатқаны белгілі болды», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Өрт шыққан жерде жеке құрамның 22 адамы мен 4 техника жұмыс істеп жатыр. Өрт 09:22-де ауыздықталды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.


Арайлым Мұрат


Соңғы жаңалықтар