+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда бизнес саласындағы гранттар кімдерге бұйырды

2019 жылғы 31 қазан 13:52
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда бизнес саласындағы гранттар кімдерге бұйырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының 63 кәсіпкері «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде өз бизнес-идеяларын жүзеге асыруға гранттар алды. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда бизнес-жобалар 2,6 есеге өскен. 2018 жылы грант 24 кәсіпкерге берілсе, биыл олардың саны 63-ті құрады.

«Гранттар өз ісін жаңадан бастап жатқан 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерге, 50 жастан асқан әйелдер, мүгедектерге берілді. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлер негізінен тауар өндіру, білім бері, киім тігу, ақпараттық технологиялар, баспа ісі, ғылым, сәулет және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер», - деді әкімдіктен.

Айта кетейік, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға республикалық бюджеттен - 128 млн теңге, сондай-ақ Жастар жылына орай «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша (29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға) қосымша 75 млн теңге бөлінді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT