Нұр-Сұлтанда биыл 7 мың оқушыға арналған 8 мектеп ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаңа оқу жылында елордада 7 мың оқушыға арналған 8 мектеп ашылады. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда халқының жыл сайын өсуі оқушылардың да көбеюіне әсер ететіні белгілі. Сондықтан да, қаламызда мектеп құрылысына деген сұраныстың жоғары екенін білесіздер. Қазіргі уақытта қалада оқушы саны көп мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептер жұмыс істейді», - деді деді Шолпан Қадырова қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша биыл 10 100 оқушыға арналған 14 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде 7 000 орынға арналған 8 мектеп, 3100 орынға арналған жұмыс істеп тұрған мектептер аумағында 6 жапсарлас құрылыс нысаны пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар