Нұр-Сұлтанда биыл 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018-2020 жылдары аралығында жаяу 20 минуттық жердегі қолжетімділікті қамтамачыз ететін «Үйдегі дәрігер» 30 нысаны ашылды. Оның 25-і жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асырылды және 260 мыңнан астам тұрғынды қамтиды. Ал алтауы қаланың шеткері аймақтарында орналасқан. Биыл мұндай 10 нысан ашу жоспарланған», - деді ол қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы отырысында.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін 2 отбасылық денсаулық орталығы ашылады.

«Шипагер» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС-нің 2 нысаны бар. Біреуі Тұран даңғылы 55 мекенжайында орналасқан. Нысанға жөндеу жұмыстар жүргізіліп жатыр және 15 желтоқсанда ашылады. Орталық 14 400 адамға қызмет көрсетеді. Келесі орталық - Сауран көшесі 15 мекенжайында. Ол жерде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және қарашаның ортасында аяқталады. Онда шамамен 3,5 мың тұрғынға арналған екі учаске болады», - деді Әлия Рүстемова.


Соңғы жаңалықтар