+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды

2021 жылғы 17 маусым 09:10
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы биржа комитетінің Ахуалдық орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ақтауда коммуналды және көтерме базарлар салуды тапсырды «Бастау Бизнес» арқылы 55 мың адам өз кәсібін ашты – Абылай Мырзахметов Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі алдында есеп берді

Ахуалдық орталық биржалық сауда-саттық барысын онлайн режимде қадағалау, биржалық және биржадан тыс баға белгіленімдеріне мониторинг жүргізу және биржалық саудаға монополияға қарсы талаптарды сақтау үшін құрылды. Ахуалдық орталықтың ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр қатысты.

Ол бірқатар тауарлардың сауда-саттығын іске қосу бойынша биржалық комитеттің атқарған жұмысының тиімділігін атап өтіп, қысқа мерзімде сауда тетіктерін одан әрі жетілдіру, нарыққа қатысушыларды тарту және оқыту мәселелерін шешу міндетін қойды.
Ахуалдық орталықтың ашылуына сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, отандық және халықаралық тауар биржаларының өкілдері қатысты.
Тұсаукесер барысында Қазақстанның ірі тауар биржаларының басшылары жанармай, битум, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің шағын партиялары саудасының нәтижелерін ұсынды, оларды сату биржалық платформалар арқылы алғаш рет 2021 жылы басталды.
Осылайша, коммуналдық-тұрмыстық көмірді тауар биржалары арқылы сату тетігі делдалдардың санын қысқартуға мүмкіндік берді және өңірлік операторлардың көмірді разрездердің өзінен сатып алуға тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етті, бұл халық үшін отынның осы түрінің түпкілікті құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Алғашқы сауда-саттық нәтижелері бойынша тауар биржалары арқылы 51 млн теңгеден астам сомаға «Қаражыра» АҚ өндірген 9 100 тонна (80%) көмір сатылды, оған 8 өңірлік тұйықтардың сатып алушылары қатысты.
«Шұбаркөл Көмір» АҚ кенішінен 703 млн теңгеден астам сомаға 89 080 тонна (60%) сатылды, саудаға 15 өңірлік тұйықтардың сатып алушылары қатысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT