Нұр-Сұлтанда бір топ жігіттің көлік ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат. – Бір топ қылмыскер бір түн ішінде алты көлік ұрламақ болған. Оның біреуін ұрлаған сәт видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елорда тұрғыны полицияға белгісіз біреулер көлігінің салонына кіріп, жеке заттарын ұрлап кеткенін айтты. Тергеу барысында анықталғандай, алкогольді сусын ішкен достар қылмыс жасауға келіскен. Түн ортасында олар Оңтүстік-Шығыс аумақта көлік ұрламақ болған. Қылмыскерлердің назарын «ВАЗ», «Лада» және басқа маркалы автокөліктер аударған. Күдіктілер бір емес, алты көлік ұрламақ болған, алайда бұл әрекетінен ештеңе шықпады» делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Бір көлікті бұзып кірген 23 жастағы жігіт көлік руліне отырған. Келесі көшеге жеткенде көліктің аккумуляторы отырып қалады.

Басқа көлік тапқан қаскөйлер оның аккумуляторын шешіп, орнатады, алайда машинаны оталдыра алмайды.

Сол кезде олар ресейлік нөмірі бар көлікті көріп, оны айдап кетпек болады, бірақ бұл әрекеті де сәтсіз болған.

Күдіктілер отты сымдарды жалғау арқылы машинаны іске қоспақ болған.

Күдіктілер кілті салонда қалып қалған Гольфты айдап қашып кеткен. Алайда қала орталығына жеткенде көлік тоқтап қалып, оны итеруге мәжбүр болған.

Олар жақын жерде тұрған Mercedes жүргізушісінен көмек сұрап, оталдырмақ болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілер Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар