Нұр-Сұлтанда бір мектепті ұзақ басқарған директорларды ауыстыру ұсынылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен 15-20 жыл бір лауазымда отыратын мектеп директорлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір арнайы мониторинг жүргізіп жатырмыз. Онда мектеп басшыларының көпшілігінің 5 жылдан артық бір қызметте отырғанын анықтадық. Кейбірі 15, 17, 20 жыл бойы қызмет ауыстырмаған. Бір мекеменің басшылық қызметінде ұзақ жұмыс істеуі бейресми байланыстардың нығайтып, басшының белсенділігін төмендетіп, сыбайластық сын-қатер қаупін тудырады», - деді Б. Мәкен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен қала әкімі Алтай Көлгіновтің кездесуінде.

Осыған байланысты, әкім орынбасары мектеп директорларын ауыстыруды ұсынды.

«Мемлекеттік қызметтегі оң тәжірибесі бойынша, қала басшылығына жалпы білім беретін мекемелердің басшыларына пилоттық ротация жүргізу ұсынылды», - деді әкім орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін Бақтияр Мәкен мектепте демалу бөлмесін жасап алған директорларды сынға алды.

Соңғы жаңалықтар