Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.54 eur/kzt 476.11

    rub/kzt 7.95 cny/kzt 68.05
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +12+14℃
  Jańalyqtar  >

Нұр-Сұлтанда бір айда 11 мыңнан астам жол ережесін бұзғандар анықталды

2022 жылғы 9 тамыз 13:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 шілдеден бастап елордада «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы елордалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаев айтып берді.

«Қабылданған шараларға қарамастан, қала жолдарында жол-көлік оқиғаларынан зардап шегетіндер көп. Әрбір бесінші жаяу жүргіншінің кінәсінен жол апаты болады. Жол-көлік оқиғалары 9,7% және зардап шеккендер 15,4%-ға артқан, ал жолдағы өлім 33,3%-ға төмендеген. Осыған байланысты 19 шілдеден бастап қала аумағында бір ай бойы «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді. Онда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарға, апатқа әкеп соғатын мас жүргізушілерді анықтауға және жолын кесуге, жаяу жүргіншілермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады», - деді Б.Малыбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жедел алдын алу іс-шарасында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 11,5 мың жағдайы анықталды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін – 80 адам, апатты жағдай тудырғаны үшін – 224, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін – 61 және бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткені үшін – 315 адам ұсталды.

«Ішкі істер министрлігі әзірлеген «Қорғау» жүйесі арқылы әкімшілік айыппұлдарын төлемеген қасақана ереже бұзушылармен белсенді күрес жүріп жатыр, сондай-ақ жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар автокөлікті пайдалану фактілері анықталуда. Осы жүйе енгізілгелі 4 мыңнан астам жүргізушіге 282 миллион теңге болатын әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хабарлама жіберілді. Жалған мемлекеттік нөмірі бар автокөлікті басқарғаны үшін 83 жүргізуші ұсталды, 368 жүргізушінің көлік айдау құқығы жоқ және 159 жүргізуші көлік айдау құқығынан айырылған, сондай-ақ сақтандыру полисінсіз жүрген 713 жүргізуші анықталды. Коммуналдық тұраққа 584 автокөлік жіберілді», - деді Б. Малыбаев.


Автор:

Айжан Серікжанқызы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары