Нұр-Сұлтанда «Берекелі баспана» бойынша пәтер берілетін 419 адамның тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада кезекте тұрған 419 адамға «Берекелі баспана» бағдарламасы бойынша сатып алу құқынсыз пәтер берілді. Олардың тізімі zhilfond.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспанаға өтінімдер биыл 28 қазаннан 8 қарашаға дейінг аралықта қабылданды. Тізімде барларға Тұрғын үй қорының қызметкерлері қоңырау шалып, не істеу керектігін түсіндіреді.

Тұрғын үй қорының баспанасына мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардың тізімі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй комиссиясының 2019 жылғы 18 қарашадағы шешіміне сәйкес, «Берекелі баспана» бағдарламасының іріктеуінен өткен.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналы болғандардың арасында Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ата-ана қамқорлығынан айырылғандар, көп балалы аналар және көп балалы отбасылар, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік әлсіз буындары бар.

Іріктеуден өткендердің тізімін мына жерден көруге болады.

Соңғы жаңалықтар