Нұр-Сұлтанда «Берекелі баспана» бағдарламасы бойынша 298 адам пәтер алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - «Берекелі баспана» бағдарламасы бойынша пәтерлерінің кілттерін кезекте тұрған 298 адам алды, деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан» әкімдігінің сайты.

Конституция күні қарсаңында «Берекелі баспана» тұрғын үй бағдарламасы аясында елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен кезекте тұрған адамдарға пәтерлердің кілттерін табыстады.

Бүгін елордадағы бақытты пәтер иелері Р.Қошқарбаев даңғылы, 80/1 және Лепсі, 42/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан пәтерлеріне көшті.

Үйлер сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана беруді қарастыратын «Берекелі баспана» тұрғын үй бағдарламасы аясында қала әкімдігінің тапсырысы бойынша салынды.

Пәтер кілттерін табыстау рәсімінде қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін барлығы үшін керемет мереке! Елордада баспана алу - ерекше қуаныш. Көбі армандаған тұрғын үйді 10 жылдан астам уақыт күтті. «Берекелі баспана» бағдарламасынан өткендердің барлығына бұл мемлекет тарапынан жасалған жақсы қолдау. Егер Сіз бұрын бюджеттің көп бөлігін жеке тұрғын үйді жалдауға жұмсасаңыз, енді үнемделген ақшаны арманыңызға жұмсай аласыз, өйткені бұл үйде жалдау бағасы айына 5000-нан 10000 теңгеге дейін болады», - деді ол пәтер қожайындарына.

Әкімнің орынбасары жаңа пәтерлерді қарап шықты.

Кезекте тұрғандардың арасында көпбалалы отбасы санатындағыларға 150 пәтер, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына кіретіндерге - 148 үлестірілді.

Еске салсақ, 2019 жылдың 6 тамызынан 12 тамызына дейін елорданың Тұрғын үй қоры өзінің ресми интернет-ресурстарында тұрғын үй кезегіне қатысуға ниет білдірген азаматтардан осы бағдарлама бойынша құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлама орналастырды.

Өтініш берушілердің арасында таңдау кезекке қойылған күніне қарап жасалды.

Соңғы жаңалықтар