Нұр-Сұлтанда бензин құйылған цистерналар рельстен шығып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда бензин құйылған 4 цистерна рельстен шығып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат қаланың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«28 маусым күні сағат 13:30-да «Өндіріс» теміржол станциясынан бензин құйылған 4 цистернаның рельстен шығып кеткені туралы хабар түскен. Оқиға орнына бірден қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді. Оқиға орнына жеткен кезде төтенше жағдайлар саласының өкілдері бензин құйылған 4 цистернаның рельстен шығып кеткенін көрді. Алайда бензин төгілмеген, цистерналар да аударылмаған»,-делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиғы орнында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы кезде электр желілері жинақталып, жедел штаб құрылды. Оқиғаның салдарымен жұмысқа жеке құрамнан 25 адам, 4 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаментінің өртпен күрес бекеттері орнатылды.


Иллюстрациялық фото
Соңғы жаңалықтар