Нұр-Сұлтанда әйел құдыққа құлаған аумаққа жауапты компаниямен келісімшарт үзілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше Нұр-Сұлтан қаласында әйел құдыққа құлап кетті. Орын алған жайсыз оқиғаға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әйел құдыққа түсіп кеткен аумаққа жауапты мердігер компаниямен келісімшарт үзілді. Аталған компания жұмысынан кемшілік анықталды. Оқиға орын алған жер учаскесінде жөндеу жұмыстары бітпеген және ол пайдалану балансына өтпеген. Жергілікті атқарушы органдар беті ашық кәріз құдықтарын жабу жұмыстарын күнделікті негізде жүргізіп жатыр», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Оның айтуынша, қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы кәріз құдықтарына қатысты қосымша тексеру жүргізетін болады.

Еске сала кетсек, кеше Нұр-Сұлтанда әйел адам құдыққа құлап кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

«Құтқару сатысының және құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің арқасында әйел адам құдықтан аман-есен шығарылып, ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Бұдан соң 1- көп салалы қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі кезде денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, үйіне жіберілді»,-деп хабарлаған болатын Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдай департаменті.



Соңғы жаңалықтар