+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда әйел баласымен бірге көп қабатты үйдің балконынан секірмек болған

2021 жылғы 23 қазан 12:01
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда әйел баласымен бірге көп қабатты үйдің балконынан секірмек болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйел баласымен 12 қабатты тұрғын үйдің балконынан секірмек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Эксперимент: ШҚО құтқарушылары жаңажылдық шыршаны өртеді Павлодарда мейрамхананың жанында екі адамды көлік қағып кетті Степногордағы әлімжеттік: жеті тәрбиеленуші оқудан шығарылды

«22 қазан күні сағат 17:30-да Кубрин көшесінің бойында полиция капитаны Қайрат Нариманов көп қабатты үйдің балконынан аяғын салбыратып тұрған әйелді байқаған. Оның қолында баласы болған. Ол секіру ниетімен балконның қанатында отырған.

Оны байқаған полицей дереу кіреберіске қарай жүгіріп, жоғары көтерілген. Есіктің саңылауынан әйелдің оны байқамай тұрғанын пайдаланып, полиция қызметкері әйелді ұстап қалады», - деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

21 жастағы жас әйел мұндай қадамға отбасылық жанжалдан кейін бармақ болған. Оның қолында бір жарым жасар баласы болған.

«Ол күні мен бір тәуліктік кезекшіліктен кейін демалыста едім. Балаларыммен балабақшадан қайтып келе жатып, үрейленіп тұрған азаматтар мен балконның қанатында отырған әйелді байқадым. Ойланбастан кіреберіске қарай жүгірдім, осы кезде менімен бір куәгер лифтіге бірге кірді. Қуанышқа орай, әйелді аман алып қалдық», - деді полицей.

Жас ананы осындай жағдайға жеткізген жұбайына қатысты қорғау нұсқамасы шығып, отбасы қатаң бақылауға алынды. Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT