Нұр-Сұлтанда автокөлік ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда автокөлік ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елордалық полиция қызметкерлері күдіктілердің ізіне түсті. Олар мінген «Хюндай Авант» маркалы көлігі Абылайхан даңғылы бойында тоқтатылды. Есікті ішінен жауып алған екі күдікті көлік салонынан шығудан бас тартқан. Полиция көліктің әйнектерін сындырып, күдіктілерді алып шықты.

39 және 42 жастағы ұсталған екі адам елорда тұрғындары болп шықты. Олар биылғы жылдың 20 қазанынан бері жасалған бес автокөлік ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді.

Бір ғана «Шарын» базарының өзінде күдіктілер үш автокөлік ұрлаған.

Мәселен, 29 қазанда базарда болған 39 жастағы күдікті сканерлеу құрылғысы арқылы «Ланд Крузер» маркалы автокөлігін ашқан. Бұл уақытта автомобиль салонында кішкенай бла отырған және оның қолында «Хуавей» маркалы ұялы телефон болған. Күдіктің баланың қолындағы телефонын алып, оқиғы орнынан ізін суықтан. Анасы сауда жасап болып, көлікке оралған кезде болған жағдай туралы білген соң полицияға хабарлаған. Қазі ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар