Нұр-Сұлтанда автобуста жол ақысын төлемеген жолаушы ұры болып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері телефон ұрлаған жолаушыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында City Transportation Systems компаниясы мәлімет таратты.

Кезекті тексеру барысында жолаушы жол ақысын қалай төлегенін түсіндіре алмады.

SMS хабарламаны тексерген кезде банк аударымдары бойынша жауап берілмеген қоңыраулар мен хабарламалар анықталды.

Қызметкерлер мән-жайды анықтау үшін жолаушыдан олармен бірге полиция департаментіне баруды сұрайды.

Полиция бұл азаматтың бөгде адамның мүлкін ұрлауға қатысы бар екенін анықтап, қамауға алды.

Сондай-ақ ол жол ақысын төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Құрметті жолаушылар, әрқашан абай болыңыздар және бағалы заттарыңызды автобуста қараусыз қалдырмаңыздар» деп ескертеді компания.


Соңғы жаңалықтар