Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушілері арасында 5 қыз-келіншек бар

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгінде елорданың қоғамдық көлік желісінде автобус жүргізетін 5 әйел жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында City Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Айта кетейік, былтыр астанада желідегі автобус саны 806-дан 886-ға дейін көбейді.

Елорданың жылжымалы құрамында мыңнан астам автобус бар, 2015 жылдан бері оның 78 пайызы жаңарды.

Жалпы, қалада қоғамдық көлік желісі 95 маршруттан тұрады, оның ішінде 70 қалалық және 25 қала маңындағы қатынас бар.

Былтыр автобус саны 10% көбейген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.


Суретте - астаналық автобус жүргізушісі Айымгүл Рахимова.


Соңғы жаңалықтар