Нұр-Сұлтанда «Astana Media Week 2020» басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Astana Media Week 2020 басталды, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – отандық медиасаланы дамыту мен индустриядағы іскерлік қарым-қатынасты аймақтық және халықаралық деңгейде ілгерілету. Медиаапталық төртінші жыл қатарынан әлемнің түпкір-түпкірінен жетекші сарапшыларды дәстүрлі түрде жинап келеді және өзекті тақырыптар талқыланады. Осы жылы ұйымдастырушылардың назары медиасаланың алдағы уақыттағы жұмыс бағытын құруға ауып отыр. Басты тақырыптар: медиаконтентті тұтынудағы жаһандық трендтер; пандемия және БАҚ-қа деген сенімнің дағдарысы; жаңа жағдайдағы редакциялардың жұмысы; мультиплатформалық; медиакеңістіктің жаңа көшбасшылары.

AMW қатысуға отандық және шетелдік топ-менеджерлердің өкілдері, жетекші медиагенттіктердің сарапшылары, ірі халықаралық ұйымдар мен шетелдік жоолардың ғалымдары, мемлекеттік сектор мен продакшн-компанияларының өкілдері шықырылған. Олардың арасында:

Роберт Скиннер – БҰҰ жаһандық коммуникациялар департаментінің бас кеңесшісі; Джавад Моттаги – Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағының бас хатшысы (ABU); Михаил Зыгарь – журналист, редактор, жазушы; Петр Федоров – Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы (БМТРК) халықаралық қатынастар дирекциясының басшысы; Михаил Гусман – Ресейдің ТАСС АА бас директорының бірінші орынбасары; Шамиль Садыков - Тат-Медиа бас директоры; Ирина Шихман – «А поговорить?» ютуб-арнасының авторы, сұхбат жүргізуші, журналист; Әлішер Елікбаев – PR-маманы мен әлемнің және Қазақстанның медиа қауымдастығының өзге де сарапшылары бар.


Соңғы жаңалықтар