Нұр-Сұлтанда әрқайсысы 23 млн теңге тұратын 20 жедел жәрдем көлігі сатып алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында бас қаланың жедел жәрдем амбулаторлық көліктерінің қатарына тағы 20 су жаңа көлік қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Айтулы мереке алдында 20 амбулаторлық жедел жәрдем көлігінің кілтін тапсырудамыз. Жыл соңына дейін тағы 52 жедел жәрдем көлігі алынбақ. Шетелде жасалған бұл көліктер өте ыңғайлы, заман талабына сай және қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Яғни мұнда инсульт алғанда, жүрек талмасына шалдыққанда жылдам көмек көрсету үшін қажеттіліктердің бәрі бар. Бұл өз кезегінде жедел жәрдем мамандарының жұмысын жақсартумен қатар, уақытын үнемдеуге септігін тигізеді», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Әкім орынбасарының сөзіне сенсек, аталған көліктердің әрқайсысы 23 млн теңге тұрады.

«Жуырда 700-ден астам жедел жәрдем маманы аранайы курстан өтті. Ендігі заман ағымынан қалмау үшін шет тілін игеруді жоспарлап отырмыз. Ондағы мақсат - қала тұрғындарын ғана емес, шетелдік азаматтарға да қол ұшын созуға дайын болу» - деді ол.

Соңғы жаңалықтар