+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда әлеуметтік тұрғын үйлер салынады

2020 жылғы 2 маусым 07:27
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік тұрғын үйлер салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту, инвесторларды қолдау, үй құрылысы комбинатының жұмысын жаңарту, құрылыс кәсіпорындарының қуатын арттыру.

Ұқсас жаңалықтар
Сумен жабдықтау жобаларына отандық материалдар пайдалану керек - Үкімет басшысы Еліміздің 53 қаласында кәріздік-тазарту қондырғылары салынады Қарағанды облысында су тарту бойынша 90 жоба жүзеге асырылады

Елорда әкімдігі аталған бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысының көлемі мен сапасын арттыруға жағдай туғызады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мысалы, бетон және цемент өндіру зауыты «Center Beton Company« ЖШС шығарылатын өнім қуатын жылына 400 текше метрге дейін көбейтті, сондай-ақ шығарылатын өнім көлемін елорданың басқа да кәсіпорындары арттырды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, тұрғын үй құрылысына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. «Қолжетімді жерде орналасу» қағидасы ескерілетін болады. Тұрғын үй ғимаратының бірінші қабаттарында дүкен емес, медициналық орталықтар, полиция пункттері, оңалту орталықтары, балабақшалар салынатын болады. Қолжетімді тұрғын үй салу үшін GLB үй құрылысы комбинаты қайта іске қосылды. Комбинаттың кәсіпорын қызметкерлері алдында 600 млн теңгеден астам және кредиторларға қарызы болған. Мемлекет қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, бірқатар күрделі мәселе шешілді. Бұл жұмыстардың барлығы салынбай тұрған нысандардың құрылысын аяқтау мен қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру үшін жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жұмыс орыны сақталып қалды.

Үй құрылысы комбинатының артықшылығы - модульді құрылыс үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды тұрғызу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жазда тағы бір үй құрылысы комбинаты іске қосылады», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Инвестициялық кеңесте қала әкімдігі құрылыс материалдарын шығаратын нысандар мен зауыттар құрылысы секілді жобаларға қолдау көрсетті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT