Нұр-Сұлтанда 38 мас жүргізуші ұсталып, қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Демалыс күндері елордада көлігіне алкогольге мас күйде отырған 38 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мас жүргізуші» жедел алдын алу шарасының екі күнгі нәтижесінде полицейлер Жол жүрісі ережесін бұзудың 500-ден астам фактісін анықтап, коммуналдық айыптұрағына 45 көлікті қойды. Мәселен, түнгі уақытта патрульдік полицияның арнаулы батальон қызметкерлері алкогольге мас күйде «Skoda Rapid» автомобилін тізгіндеген 29 жастағы жүргізушіні ұстады. Тексеру барысында оның бұған дейін мас күйде рульге отырғаны үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылғаны анықталды. Жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды. ҚР ҚК 346-бабы бойынша қылмыстық іс аясында тергеу жүргізіліп жатыр», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, көлікті мас күйде басқарған барлық 38 жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды және 7 жылға жүргізуші куәліктерінен айырылды. Осы ретте полицейлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлік құралын мас күйде жүргізгені үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар