Нұр-Сұлтанда 27 маусымнан карантин күшейтілмек: Нысандар қалай жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова коронавирустың таралуының алдын алу үшін жаңа қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.) өткізуге және қатысуға, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге тыйым салу талаптары жалғасады.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Білім беру басқармасы, Діни істер басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «City Transportation Systems» ЖШС, зертханалар мен медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік субъектілері төмендегі шараларды жасауы қажет:

- өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс түріне көшіру. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады. Бұл ретте соңғы 3-6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі;

- қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобус санын ұлғайту, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда санитайзер орнату, әлеуметтік қашықтықты сақтау және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперде тағуы) жұмыс кестесі жұмыс және сенбі күндері штаттық кестеге сәйкес, жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады;

- ХҚКО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыру;

- ЖОО және колледж студенттерінің бітіру емтихандарын қашықтық режимінде тапсыруды ұйымдастыру. Жоғары оқу орындары мен колледждерде бітіру кештерін ұйымдастыруға және өткізуге және дипломдарды офлайн режимде тапсыруға тыйым салу. Білім беру мекемелерінде сабақтан тыс уақытта оқушылардың жеке оқуын ұйымдастыруға тыйым салу;

- туризм объектілері мен халықтың тұруы қызметтерін көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отелдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмысын 80%-дан артық толтырмай, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып ұйымдастыру;

- сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің жұмысын бір келушіге 4 м2 толымдықты және күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтап, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салу жолымен ұйымдастыру (азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналауға арналған пункттерді және «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілерін қоспағанда). Бұл ретте, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, көрсетілген аумақтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады.

- «Ashyq» жобасына қатысатын фудкорттарды қоспағанда, фудкорттардың жұмысына тамақты тек штаттық режимде жеткізуге және шығаруға рұқсат етіледі. Түрлі акциялар, жәрмеңкелер, шоурумдар, ұтыс ойындарын (онлайн форматты қоспағанда) өткізуге тыйым салынады;

- мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар типіндегі (ғимарат ішіндегі) қоғамдық тамақтану объектілері жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды және үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толымдығы 50%-ға дейін және 30 орыннан аспайтын шарттарды сақтаған жағдайда жұмыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым сала отырып ұйымдастыру;

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, ашық ауадағы мейрамханаларға отыратын орындарының саны 30-дан аспайтын жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат беріледі.

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы шараларды және үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін 30 орыннан аспайтын орындарды сақтай отырып ұйымдастырылады.

Айта кетейік, осы қаулы 2021 жылғы 27 маусымда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Еске салсақ, е лордада коронавирустың үнді штамы анықталды.
Соңғы жаңалықтар