+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды

2020 жылғы 16 қыркүйек 14:12
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада екпе салу қараша айының басына дейін жалғасады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Медицина қалдықтарын көмумен айналысатын мамандарға біліктілік талаптары әзірленді Соңғы 10 жылда елімізде 2,6 млн бала пневмококкқа қарсы екпе алған – ДСМ Қан сұйылтатын дәрілер неге Ресейдегіден қымбат?

Бүгін таңда Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов емханаға барып, тұмауға қарсы екпе салдырды. Басқармасы басшысы екпенің маусымдық аурулардың өршуі кезіндегі маңыздылығын да атап өтті.

«Вакцинация - аурудың ауыр сипаты мен оның кең таралуын ескере отырып, тұмаудан қорғаудың ең қисынды әдісі. Сонымен қатар, қазір осы кезең үшін стандартты аурулардың (суық тию, тұмау) қоздырғышы болуы мүмкін коронавирус инфекциясы кезеңінде вакцинация өте маңызды! Баршаңызды вакцина алуға және өз денсаулығыңызға жауапты болуға шақырамын!» - деді Тимур Мұратов қала тұрғындарына.

Еске сала кетейік, елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпенің 110 мың дозасын сатып алған болатын. Ол халықтың белгілі бір тобы үшін тегін жүргізіледі. Атап айтқанда: созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3-ші триместрі), жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, сәбилер үйі, мектеп интернаты), мүгедектерге (ересектер мен созылмалы аурулары бар балалар); 60 жастан асқан қарттарға.

Нұр-Сұлтанда вакциналау басталғаннан бері 24,6 мың адам тұмауға қарсы екпе алды. Олардың 6300-і балалар, оның ішінде 211 адам сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, мүгедек балаларға арналған интернаттарда. Екпе алған ересектер саны 14 мың адамнан асты.

Елордада екпе салу қараша айына дейін жалғасады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT