Нұр-Сұлтанда 22 мың жұмыс орны ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елордада 22 мың жұмыс орны ашылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың 11 айында ел экономикасының даму қарқыны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 4,4 пайызға өскен. Соның нәтижесінде халықтың табысы 5,7 пайызға артты. Осы 11 айдың ішінде ел экономикасын дамытуға 10 трлн 8 млрд теңге тартылды. Одан бөлек, ел көлемінде 400 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 22 мың жұмыс орны елордада ашылды», - деді Бердібек Сапарбаев елордалықтармен кездесуде.

Оның айтуынша, жұмыссыздық көрсеткішін азайту - Мемлекет басшысы тапсырмаларының бірі.

«Биылғы жылдың 11 айында Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз, ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша, 4,5 пайызды құрайды. Жалпы әлеуметтік мәселелерді шешуге жыл санап ерекше мән берілуде. Айта кетсек, былтыр бұл салаға мемлекеттің бюджеттің 43 пайызы бағытталса, биыл ол 45 пайызға көтерілді. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш 50 пайызға артады», - дейді ол.

Айта кетсек, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов және қала әкімі Алтай Көлгінов елорда тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде азаматтар өздерін сұрақтарына жауап алды.

Соңғы жаңалықтар