USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда 21 мектеп карантинге жабылды

2021 жылғы 22 ақпан 14:43
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда 21 мектеп карантинге жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорданың білім беру ұйымдарындағы коронавирус статистикасын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да бір тәулікте 61 бала, 7 жүкті әйел коронавирус жұқтырды Халықаралық рейстерді шектеу «омикронның» таралуына әсер етпейді – Алмаз Шарман Балалар мен жүкті әйелдер арасында коронавирус жұқтырғандар көбейді - инфекционист

«2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша жаңа оқу жылы басталғаннан оқушылар арасында КВИ 1017 жағдайы тіркелген, оның ішінде кезекші сынып оқушылары арасында 232 немесе 22,8%, қашықтан оқыту бойынша оқушылар арасында – 785 жағдай, яғни 77,2%. 79 мектеп карантинге жабылды, қазіргі уақытта 21 мектепте карантин жалғасуда», - деді С. Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Студенттер арасында КВИ-дің 174 жағдайы тіркелді, колледж студенттері арасында – 35, ЖОО студенттері арасында – 139. Оның ішінде оффлайн форматта оқитындар арасында – 10, 6 жағдай – ЖОО студенттері арасында және 4 жағдай – орта оқу орындарының сутденттері арасында анықталған.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына баратын 94 балада КВИ анықтады. Қазіргі уақытта 907 үй ошағы бар, 2260 қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауда», - дейді С. Бейсенова.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері коронавирустың 2192 жағдайы тіркелген.

Елордада коронавируспен ауырғандардың негізгі үлесі – 30-39 жаста.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT