+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда 2 тоннадан астам зақымданған анар жемісі өртелді

2019 жылғы 7 желтоқсан 14:13
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда 2 тоннадан астам зақымданған анар жемісі өртелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекторлары өртеу әдісімен зақымданған анар жемістерін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтандағы «AQMOL» дүкендер желісінде 300 тонна өнім сатылды Қызылордада талапқа сай емес тағам өнімдері анықталды Павлодар әкімдігі әлеуметтік дүкендердегі бағаларды тексерді

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы карантиндік фитосанитарлық бақылау барысында Түркия елінен келген анар жемісінен қауіпті карантиндік зиянкестер – комсток сымырын жұқтырған 2 318 келі анарды анықтады» делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, аталған өнім тәркіленіп, экополигон аумағында өртелген.

«Сонымен қатар, осы факті бойынша инспекторлар тарапынан әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 мың теңге көлемінде айыппұл салынды» - деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Жалпы, комсток сымыры негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, цитрус, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да бақша көкөністері мен жеміс-жидектерді және жабайы өсімдіктерді зақымдайды. Қауіпті зиянкестер жаппай таралған кезде өсімдіктер қурап қалады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT