Нұр-Сұлтанда 2 мыңға жуық жұмысшы қар күреуге жұмылдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеуде. Қыс басталғалы қаладан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 98 мың жүк көлігіне тең, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін, 29 желтоқсанда елордада қар жинау жұмысына мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңға жуық жол жұмысшы жұмылдырылды.

Айта кету керек, 28 желтоқсаннан 29 желтоқсанға қараған түні қаладан 7 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін жүк көліктері қар полигондарына 572 рейс жасады.

Қыс мезгілі басталғалы 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істейді.

Ереже бойынша, кептеліс болмауы үшін алдымен қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады.

Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіретін жолдың қары күреледі.


Соңғы жаңалықтар