Нұр-Сұлтанда 18 оқушы коронавируспен ауырды – Білім басқармасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оқу жылының басынан бері елордада 18 бала COVID-19 вирусын жұқтырды. Оның 14-і қашықтан оқыған, төртеуі – кезекші сынып оқушылары. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасының басшысы Шолпан Қадырова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта мектептерімізде 3011 кезекші сыныпта 40400 оқушы білім алуда. Қаланың бас санитарлық дәрігерінің хабарлауынша, мектеп оқушылары арасында COVID-19 жұқтырғандар анықталды. Оқу жылының басынан бастап, бүгінгі күнге дейін ауырған балалардың саны – 18. Оның 14-і қашықтан оқитындар, төртеуі – кезекші сынып оқушылары.

Сырқаттанған балалар оқыған сыныптар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды және Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері дезинфекция жұмыстарын жүргізді.

«Карантин режимінің мерзімі – 14 күн. Содан кейін сыныптар бұрынғы режимге көшеді. Бұл мәселе Білім басқармасыынң ерекше бақылауда екенін атап өткім келеді», - деді басқарма басшысы.


Соңғы жаңалықтар