Нұр-Сұлтанда 14 мыңнан астам үйге газ кіргізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 14 мыңнан астам үйге газ жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер, өткен жылдан бастап елордаға газ келіп жатыр. Бүгінде 14 мыңнан астам тұрғын үйге газ құбыры тартылып, жеткізілді. Бүгін елордада өтіп жатқан «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына газ қызметі де қатысып жатыр. Өйткені көгілдір отын қауіпсіздігі де маңызды. Яғни, газдың салдарынан да түрлі төтенше жағдайлар туындауы мүмкін. Сол себепті қауіптің алдын алу қажет. Осы орайда елорданы газдандыруға байланысты қосымша қорғаныс күші әзірленіп жатыр. Бұл саланың мамандары газ қауіпсіздігіне жауапты болмақ», - деді Ермек Қизатов.

Еске салсақ, таяуда ғана елордада мыңыншы тұтынушының үйіне көгілдір отын жеткенін хабарлаған едік.

Айта кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай қызметінің қысқа дайындығы пысықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар