+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда 13 363 нысан «Ashyq» жобасына қатысып жатыр

2021 жылғы 12 қазан 18:32
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда 13 363 нысан «Ashyq» жобасына қатысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирусқа қатысты елордадағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада 16,5 мыңнан астам жүк көлігімен қар шығарылды Елордада 4 мың литрден астам дизель отынын заңсыз сату дерегінің жолы кесілді Nur Otan: Елордада 10 мың үй газбен жабдықтау желілеріне қосылуға мүмкіндік алды

«Биылғы 26 ақпан мен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасына – 13 363 нысан қатысуда, оның ішінде 1 904 қатысушы және 11 459 ерікті қатысушылар (кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау нысандары, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындар және т.б.) бар. «Ashyq көшбасшысы» мәртебесі бар 294 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген», - деді А. Оралов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, мониторингтік топтар 2021 жылдың 20 мамырынан бастап «Ashyq» қатысушыларының 15 725 нысанын тексерді. 574 нысанда шектеу шараларын, оның ішінде карантинді бұзу фактілері анықталды.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес шеңберінде осы жүйені ШОБ объектілерінде, мемлекеттік мекемелер мен білім беру жүйесіне енгізу жалғасуда», - деді А. Оралов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT