+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

«Нұр-Сұлтан-Жезқазған» пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті

2020 жылғы 24 қаңтар 01:44
Бөлісіңіз:
«Нұр-Сұлтан-Жезқазған» пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының аумағында «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушылар пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордалық пойыз астына түсіп мерт болды Қазақстандық жолаушылар вагоны неліктен шетелде жөнделеді «Bek Air» ұшағына міне алмағандар қосымша пойызбен жолға шығатын болды

«23 қаңтарда 21 сағат 43 минутта Қарағанды жол бөлімшесіне қарасты Қарабас стансасының «Қарағанды – Пассажирская – Жарық» учаскесінде «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушы пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті. Жолаушылар тасымалымен «Марал-Нұр» ЖШС айналысады. Құрамда 16 вагон болған. Пойыздағы 683 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген», делінген хабарламада.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға болған жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, рельстен шығып кету салдарын жою үшін қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды, аталмыш учаскеде пойыз қозғалысы тоқтатылмады.

Келесі стансаларға баратын жолаушыларды отырғызу үшін қосымша вагондар ұсыну жұмыстары ұйымдастырылған.

«Оқыс оқиға күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты қалың қар мен қатты боран салдарынан түк көрінбеу жағайында орын алды. Оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның пойыздың рельстен шығып кету себебін тергейтін және анықтайтын арнайы комиссиясы аттанды», делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT