Нұр-Сұлтан - жайлы қала: Биыл шаһарда 20 қоғамдық кеңістік пайда болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығында жыл қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтына сілтеме жасап.

Урбанистика орталығы Space Syntax халықаралық командасымен бірлесе отырып, «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» атты шеберлік жоспарын жасады.

Бұл - түрлі мүдделерді есепке ала отырып қаланы дамытудың әлеуметтік-экономикалық стратегиясы.

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспарының аясында үш нақты мақсат қойылған:

1) адамдар үшін жайлы қала;

2) экологиясы таза тұрақты қала;

3) белсенді өмір салтын жүргізетін салауатты қала.

«Шеберлік жоспары тактикалық және стратегиялық жобаларға негізделіп, іске асырылуда. Тактикалық жоспарлар тұрғындар үшін жайлы ортаны құруға бағытталған. Бұл мақсатта биыл қоғамдық кеңістіктер, аулаларды жобалау және елорда көшелерін қайта жаңғырту бойынша жұмыс орындалған, оған қала тұрғындары да тартылды.

Қала тұрғындарының қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізілді. 40 аула және 20 қоғамдық кеңістік жобасы іске асырылды, соның ішінде «Жастар» шағынауданындағы 27 ауланың жобасы да бар» деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығынан.



Соңғы жаңалықтар