Нұр-Сұлтан вокзалында карантин тәртібін бұзған екі әйел ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері төтенше жағдай режимін бұзған екі әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

31 наурыз сағат 16.50-де Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысы тоқтатылғанын біле тұра, төтенше жағдай жариялануына байланысты мемлекеттік органмен белгіленген карантин және өзге де міндетті сантарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу режимін бұзып, ескі вокзалдың қосымша есігі арқылы оның аумағына кірген екі әйелді ұстады.

Сұрау алу кезінде көлік полицейлері құқық бұзушылардың жауапкершілігі шектеулі серіктестікте істейтін 33 және 35 жастағы кассир екенін анықтады. Оларға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды (ҚР ҚПК 476-бабы).

Нұр-Сұлтан қаласындағы Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушының әрқайсысына 10 АЕК (26 510 тг) көлемінде айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар