Нұр-Сұлтан тұрғыны Өзбекстанмен шекарада гашишпен ұсталды

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Өзбекстанмен шекараны өту кезінде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны гашишпен ұсталды. Бұл туралы облыстың Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «102» телефон нөмірі арқылы «Жібек жолы» шекара бекетінде заңсыз есірткі тасымалдау фактісі анықталғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына келген полицейлер шекара пунктінен өту кезінде «Марико» атты қызметтік ит Нұр-Сұлтан тұрғынына қарата үріп, белгі бергенін анықтаған.

«Жедел уәкілдер күдіктіні тінту кезінде шалбарының оң жақ қалтасынан есірткі затына ұқсас түйіншекті тауып, тәркілеген. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған есірткітектес өсімдік затының салмағы 2 грамға жуық гашиш болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


Соңғы жаңалықтар