Нұр-Сұлтан – Теміртау жолында 15 көлік соқтығысқан ірі жол апаты тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан – Теміртау күре жолында 15 көлікке зақым келтірген ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2021 жылғы 12 қаңтарда Нұр-Сұлтан – Теміртау жол учаскесінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алдын ала келген мәлімет бойынша, «КамАЗ» жүргізушісі жылдамдық қарқынын ескермей, Lada көлігімен соқтығысқан. Осының салдарынан бір бағытта келе жатқан 13 машина бір-біріне бірінен соң бірі соғылған. Әзірге 1 адамның жарақат алғаны хабарланып отыр.

«12 қаңтарда таңертеңнен бері Нұр-Сұлтан – Теміртау жолында қар жауып, қатты боран соғып, жүргізушілерге жолды қарап отыруға қиынға соқты. Қазір жолда қар күреліп жатыр. Сағат түскі 13.00-ден бастап жергілікті полиция қызметі ол жердегі жол қозғалысына шектеу қою туралы шешім қабылдады», - деп хабарлайды Қазавтожол ұлттық компаниясынан.


Соңғы жаңалықтар