+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан - Теміртау трассасын басқан судың деңгейі төмендеді

2021 жылғы 11 сәуір 12:05
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан - Теміртау трассасын басқан судың деңгейі төмендеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының құтқарушылары жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар аудандарда жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда облыстың ТЖД қызметкерлері автожолдардың екі учаскесінде су басу жағдайларын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-дағы өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды Ауғанстандағы су тасқыны: 78 адам қаза тауып, 32 адам із-түссіз жоғалған Қытайдағы нөсер жаңбыр: 70 мың адам қауіпті аймақта қалды

Атап айтқанда, Нұра ауданындағы Құндызды өзенінде (Нұра кентінің маңында) судың көтерілу деңгейі төмендеді. Оқиға орнында қорғаныс дуалдарын нығайту шаралары және өзендегі мұз кептелісін жою бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткен тәулікте өзеннің бес учаскесінде жарылыс жұмыстары атқарылды. Елді мекенді су басу қаупі жоқ.

Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау» автожолының 104-шақырымын басқан тасқын судың көлемі азайды. Қазіргі уақытта оның ені 60 м, тереңдігі 10 см құрайды. Аталмыш учаскеде жол жиектеріне топырақ төгу жұмыстары жүргізілді. Жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшіліктері ұйымдастырылды.

Ақтүбек және Нығман ауылдарындағы автожолдарда да су басу деңгейінің төмендеуі байқалады. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Сонымен қатар, Осакаров ауданы Қарағайлы ауылының маңындағы Қарғалы өзенінің екі учаскесінде мұз ұсату жүргізілді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT