18:34, 17 Ақпан 2020 | GMT +6
«Нұр-Сұлтан-Шідерті» бағытындағы жол жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан-Шідерті» жолында көлік қозғалысы уақытша шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» бағытындағы жолдың 16-235 шақырымы (Нұр-Сұлтан-Шідерті) аралығында көлік қозғалысы шектелді», делінген хабарламада.
«ҚазАвтоЖол» АҚ-ның мәліметінше, қазір республика бойынша арнайы 737 техника жолдарды тазартуда.