«Нұр-Сұлтан-Щучинск» жолы көктайғаққа байланысты жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автожолы жүк көліктері мен қоғамдық көліктер үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті жүргізушілер, қар аралас жаңбырдың салдарынан 124-231 шақырым аралығында көктайғақ пайда болды. Сонымен қатар қатты жел әсерінен көк тайғаққа қарсы арнайы материалды пайдалану мүмкіндігі жоқ. Жоғарыда аталған себептер бойынша Жергілікті полиция қызметі, облыстық Төтенше жағдайлар қызметімен бірлесе отырып сағат 09:00-ден бастап жүк көліктер мен қоғамдық көліктер үшін жол қозғалысы жабық», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар