+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

2020 жылғы 3 шілде 22:18
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 шілдеден бастап елордалық полиция қызметкерлері күшетілген жұмыс режиміне көшеді. ҚазАқпарат бұл туралы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш арқылы да түсіндіру жүргізеді.

«Дауыс зорайтқышты қолдану - азаматтарға қолданыстағы ережелер мен шектеулерді сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтауы және барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс. Инфекцияның таралуына жол бермеу керек. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойланыңыз», - деп атап өтті полиция департаментінен.

Патрульдеу бағыттары барлық учаскелерді қамти алатындай етіп құрылған. Полиция қызметкерлері барлық тұрғын үйлер ауласы мен адамдар көп жиналатын жерлерді аралайтын болады.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізіледі. Карантин одан әрі ұзартылуы немесе күшейтілуі мүмкін.

Осыған байланысты, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы жарияланды. ҚР ІІМ басшысы қазақстандықтарға мәлімдеме жасады.

Карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 83 340 теңгеге дейін, ал кәсіпкерлерге 638 940 теңгеге дейін айыппұл салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT