+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан-Петропавл трассасында 3 адам қаза болып, 2-еуі зардап шекті

2020 жылғы 25 қыркүйек 21:49
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан-Петропавл трассасында 3 адам қаза болып, 2-еуі зардап шекті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жол апатынан үш адам көз жұмып, тағы екі адам ауруханға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін кешке сағат 19:00 шамасында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 285-шақырымында (Көкшетаудан Щучье бағытында 30 шақырымда жерде) болды.

«Жол апатынан үш адам қаза тапты. 60 жастағы жүргізуші мен 55 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болса, 57 жастағы тағы бір ер адам ауруханада көз жұмды. 61 және 56 жастағы екі жолаушы ауруханада жатыр. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Алдын ала мәлімет бойынша, «Land Rover» көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолдың жиегіндегі қоршауға соғылған. Кейін орға аударылған», - деп түсіндірді ведомстводан.


Айта кетейік, аталмыш жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желі арқылы да тарап жатыр. Онда жол апатына ұшыраған «Land Rover» көлігінің жүргізушісі көкшетаулық белгілі кәсіпкер В. Свидерский екені айтылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT