+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

«Нұр-Сұлтан - Петропавл» тасжолында қар тазалап жүрген көлік өртенді

2020 жылғы 28 қаңтар 17:33
Бөлісіңіз:
«Нұр-Сұлтан - Петропавл» тасжолында қар тазалап жүрген көлік өртенді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағындағы «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының бойында қар тазалайтын көліктен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмолада жүріп келе жатқан көліктің тіркемесі өртеніп кетті Ақсай қаласында «Ауди» автокөлігі өртенді Астанада жеңіл көлік отқа оранды

Ведомствоның мәліметінше, қаңтардың 27-де 14:30 кезінде Шортанды аудандық ПБ кезекші бөліміне «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тасжолының 44-ші шақырымында, яғни Бозайғыр ауылының маңында «ҚазАвтоЖол» АҚ тиесілі қар тазалайтын «Supra» көлігі отқа оранғаны туралы ақпарат түскен.

«Анықталғандай, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Салдарынан көліктің кабинасы мен қозғалтқышына залал келген. Көлік жүргізушісі - 39 жастағы ер адам», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, қар тазалайтын көліктің өртенген видеосы Instagram желісінде тараған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT