«Нұр-Сұлтан – Петропавл - Қорған» жолындағы құрылыс жұмыстары жақында аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚпазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған» тасжолының ұзындығы 60 шақырымды құрайтын учаскесін қайта салу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жоба 2017 жылы іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда жолдың 34 шақырымында жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары төселді. Нақтырақ айтқанда, жұмыстар жолдың 525-ші және 496-шы шақырымында, 496-шы және 465-ші шақырымы аралығында қамтылды. Бұдан бөлек, 22 су өткізу құбыры, 4 көпір және мал өткелдері орнатылды», - делінген Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігі мәліметінде.
Жобаның бас мердігері – «К-Дорстрой» АҚ. Жолды салу жұмыстарына 450 жұмысшы, техниканың 275 бірлігі жұмылдырылған. Жұмыстар аяқталған соң, тасжол 1б және 2 техникалық санаттарына сай болмақ. Жол учаскесіндегі қозғалыс осы жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда.
Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы бүгінгі таңда 1968 шақырымды құрайды. Оның 87 пайызы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.
- Алматы облысында ауа райына орай республикалық трасса жабылды
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- Қазақстан жолдарына IRAP жүйесімен бағалау жүргізіледі
- Солтүстік Қазақстанда боранға байланысты облыстық жолдар жабылды
-
2020 жылы жеңіл өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 15% өсті - министрлік
-
2020 жылы Қазақстанда 109,2 млн тонна көмір өндірілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам