Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолында жолда қалған жүргізушілерге ыстық тамақ жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық ТЖ департаменті қала әкімдігімен бірлесіп Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында қалып қойған 90 жүк көлігінің және арнаулы техниканың жүргізушілері үшін ыстық тамақ ұйымдастырды. Жүргізушілер 18 ақпаннан бері жолда қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалықТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар ТРЭКОЛ жол талғамайтын техникасының көмегімен қар құрсауында қалып қойған 100-ге жуық адамға ыстық тамақ жеткізген. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан-Павлодар жолы жабық. Тасжолды қардан тазалау жұмысына арнаулы 20 техника жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар