«Нұр-Сұлтан - Павлодар» бағытында және еліміздегі 9 жолда көлік қозғалысы тоқтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты «Нұр-Сұлтан - Павлодар» тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ikomek ақпарат орталығының мәліметінше, ақтүтек боранға байланысты бүгін түнгі сағат 00:00-ден бастап «Нұр-Сұлтан - Павлодар» тасжолы жабылды.

Көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған.

«ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлағандай, қазіргі уақытта еліміздегі автожолдардың 9 учаскесінде көлік жүруіне шектеу қойылған.

1.Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, км 105-123 (Шемонаиха-РФ шекарасы)

2.Семей-Қайнар, 144-266 (Саржал-Қайнар)

3. Алматы-Өскемен, км 967-1068 (Қалбатау-Қ.Қайсенов) (қоғамдық және жүк көліктері үшін)

4. Омбы-Майқапшағай, км 910-1002 (Қалбатау-Көкпекті)

5. Семей-Қайнар, км 8-144 (Семей-Саржал) (жүк және қоғамдық көліктер)

6. Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, км 15-105 (Белоусовка-Риддер) (жүк және қоғамдық көліктер)

7. Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, км 15-105 (Глубокое-Шемонаиха) (жүк және қоғамдық көліктер)

8. Қызылорда-Павлодар, км 1066-1135 (Молодежный-Павлодар облысының шекарасы)

9. Қызылорда-Павлодар, км 1135-1206 (Қарағанды облысының шекарасы-Бозшакөл).






Соңғы жаңалықтар