«Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Риддер» пойызының кестесі мен бағдары өзгерді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Риддер» бағытындағы №375/376 жолаушылар пойызының кестесі мен бағдары өзгергенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тасымалдаушы атына көптеген өтініштер түскеннен кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің келісімімен аталған жолаушылар пойызының бағдарын өзгерту жұмыстары жүргізілді. 2019 жылдың 22 мамырынан бастап бұл жылжымалы құрам Семей-Шар-Өскемен (Семей-Локоть-Өскемен учаскесінің орнына) темір жол учаскесі арқылы өтетін болады», - делінген компания ақпаратында.

Сонымен қатар «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш» бағытындағы №086 жолаушылар пойызының қозғалысы да өзгереді. Жылжымалы құрам елорданың «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» темір жол вокзалынан шығып, дәл осы вокзалға қайта келетін болады. Пойыздардың келу және кетуі уақыты туралы ақпараттарды «105» анықтама нөміріне хабарласып білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауға, билеттерді темір жол кассаларынан немесе комиссиясыз EPAY.RAILWAYS.KZ ресми сайтынан онлайн сатып алуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар