Нұр-Сұлтан мен Жезқазған арасындағы әуе рейстерінің саны екі есе артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлытау облысының азаматтары мен әкімдігінен келіп түскен көптеген өтініштерге, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ұлытау облысының әуе қатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Авиация комитеті әуе рейстерінің санын арттырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша 15 тамыздан бастап бір авиакомпания Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын рейс санын аптасына 3-тен 7-ге дейін көбейтетінін хабарлады.

ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғаяды.

Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көлік қатынасын реттеу жұмысын жалғастырады.


Соңғы жаңалықтар