Нұр-Сұлтан мен Өскеменде ғана бар: Вице-премьер роботталған хирургия кабинеті жайында

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Өскемендегі «Роботталған хирургия» орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтағы аталмыш кабинетті толық жабдықтауға 1 миллиард 900 мың теңге қаражат жұмсалған. Мамандардың түсіндіруінше, хирург робот қашықтықтан басқарылады. Ал көмекшілері мен медбикелер манипуляторларды тиісті жерлерге орнатады. Сондай-ақ қажетті инструменттерді алмастырып тұрады. Бұл жерде барлық жұмыс асқан дәлдікпен, кәсіби мұқияттылықпен жасалатыны айтпаса да түсінікті.

Үкімет басшысының орынбасары орталықтың жұмысы мен кабинеттің жабдықталуына жоғары баға берді. Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев «мұздай қаруланған» мұндай әмбебап кабинет Өскеменнен бөлек Нұр-Сұлтан қаласында ғана бар екенін атап өтті.


Есентай Айтұлы



Соңғы жаңалықтар