Нұр-Сұлтан мен Қазан қаласы туризм бойынша ынтымақтасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан делегациясы Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда Нұр-Сұлтан мен Қазан қалаларының туристік әлеуетін дамыту, инвестициялық жобалардағы ынтымақтастық, сондай-ақ қала гүлзарлары және саябақтармен баланысты жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық делегацияның қатарында «Astana Invest» ҚИДО» ЖШС, «Астана-Технополис» АЭА және «Павлодар» АЭА басшылары болды. Олар Қазандағы Татарстан Республикасының инвестициялық даму агенттігінің басшылығымен кездесті.

Екі тарап ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, инвестициялық іс-шараларға қатысу, оның ішінде екі мемлекеттің басым секторларына инвестициялар тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өз кезегінде «Astana Invest» басқарма төрағасы Ержан Балтаев Қазан қаласының туризмді дамыту комитетінің директоры Дарья Санниковамен кездесті.

Олар Нұр-Сұлтан және Қазан қалаларының туристік әлеуетін дамытуға, туристерді тартуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары секілді кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісімге келді.


Соңғы жаңалықтар