Нұр-Сұлтан мен бірқатар өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты «Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13-15 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Кей уақыттарда жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 14-15 маусымда кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады.

Нұр-Сұлтан қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Кей уақытта жер қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

13 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с болады.

13 маусым күні Қостанай қаласында таңертең және күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар